091Әбілда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттеріне арнап ашық есік күнін ұйымдастырды.
Мақсаты - студенттерді облыстық кітапханамен таныстыра отырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Кітапхана мамандары студенттерге кітапхананың құрылымы, пайдалану ережесі, ресурстары, кітап қоры, электронды мәліметтер қорын пайдалану туралы ақпарат берді.
Студенттер кітапханаға жаңа оқырман ретінде тіркеліп, «Жаңа әдебиеттер әлемінде» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

092

093

094

095